"Brexit келісімі" Қауымдар палатасында қабылданды

Ұлыбританияны Еуроодақтан шығаратын (Brexit) заң жобасы 330 дауыспен қабылданды.

1338195
"Brexit келісімі" Қауымдар палатасында қабылданды

Ұлыбританияны Еуроодақтан шығаратын (Brexit) заң жобасы 330 дауыспен қабылданды. Қауымдар палатасындағы дауыс беруде 231 депутат «қарсы» дауыс қолданды.

Премьер-министр Борис Джонсон ның Еуроодақпен жасаған «Brexit келісімін» заңдастыратын жоба парламенттің төменгі қанаты Қауымдар палатасында дауысқа салынды.

Келіссөздер кезінде ұсынылған Еуроодақ азаматтарына мерзімсіз отыру ықтиярхаты рұқсатын алуға сұраныстары қабылданбаған Еуроодақ азаматтарына қайта шағымдану құқығы беретін өзгерістерді енгізу ұсынысы кері қайтарылды.

Сондай-ақ қасында жетектейтін ересек болмаған бала босқындардың жанұялық құқығын қорғау жайлы ұсыныста қабылданбады.

Осыдан кейінгі кезеңде жоба Лордтар палатасында талқыланады. Кезкелген бір ұсыныс берілуін қабылдамаған үкімет бұдан кейінгі сатыда 22 қаңтар күніне дейін толықтырылып, 31 қаңтар күнінен бұрын патшайым Елизавета ІІ-нің бекітуіне ұсынылмақ.



Ұқсас жаңалықтар