Трамптың басына 80 миллион доллар тікті

Иранда аты-жөні белгісіз кісі АҚШ президенті Трамптың басына 80 миллион долларлық сыйақы тіккенін хабарлады.

1336295
Трамптың басына 80 миллион доллар тікті

Иран Төңкеріс Сарбаздарына қарасты Иерусалим күшінің қолбасшысы Касым Сүлеймани үшін Мешхед қаласында ұйымдастырылған жаназа рәсімінде сөйлеген аты-жөні белгісіз кісі АҚШ президенті Дональд Трамптың басына 80 миллион долларлық сыйақы тіккенін хабарлады.

Sputnik-тің хабарлауына қарағанда аталмыш кісінің Иран мемлекеттік телеарнасында жарияланған мәлімдемесінде Иранда 80 миллион адамның тұратынын және әрбір ирандықтан бір доллар бағыштауын сұрағаны білдірілді. 

Аты белгісіз адам: 

"Осы 80 миллион долларды өз атымыздан заманымыздың ұлы тұлғасының (Сүлеймани) өлтірілуіне бұйрық берген кісінің (Трамп) басын әкелген адамға сыйақыға береміз. Бізге осы сары шәшті жындының (Трамп) басын кесіп әкелген адамға ұлы Иран ұлты атынан 80 миллион долларды сыйақы ретінде ұсынамыз" деген. 

Касым Сүлеймани және қасындағы 9 адам 3 қаңтар күні астана Бағдатта АҚШ ұйымдастырған әуе шабуылында өлтірілді. 



Ұқсас жаңалықтар