Иран: "Соғыстан қорықпаймыз"

Қолбасшы Селами: "АҚШ табыссыз болған барлық жерде Иранды жазғырады" деді.

1333635
Иран: "Соғыстан қорықпаймыз"

Иран Төңкеріс қорғаушылары армиясының Бас қолбасшысы Хусейн Селами елді соғысқа итермелемейтінін, алайда соғыстан да қорықпайтындарын айтты.

Иранның жаңа ресми хабар агенттігі Теснимнің хабарына қарағанда Ахваз қаласындағы іс-шарада сөйлеген Селами Ирактағы оқиғаларға байланысты Иран мен АҚШ арасында шыққан дағдарысты бағаландырды.

АҚШ-тың Ирактағы оқиғаларға Иранды жауапкер деп қараған жазғыруларына меңзеген Селами:

АҚШ табыссыз болған барлық жерде Иранды жазғырады" деді.

Селами АҚШ-пен соғыс алаңдарына байланысты:

"Елді соғысқа итермелемейміз, алайда ешқандай соғыстан да қорықпаймыз. АҚШ-қа Иран халқымен ақылға сыйымды сөйлесуі керектігін айтудамыз" деп көрсетті.

Ирактың Керкук қаласындағы коалиция күштеріне 27 желтоқсанда жасалған шабуылда бір АҚШ азаматы қаза тапқан, 4 Американ және 2 Ирак әскері жараланған болатын.

Оқиғаға орай АҚШ Қорғаныс министрлігі шабуылға жауапкер деп қаралған Хизбуллах ұйымына қарасты Ирак пен Сириядағы 5 нысананы атқанын хабарлаған. Шабуылдарда 28 кісінің қаза тапқанын, 48 кісінің жараланғанын жариялаған.

АҚШ шабуылдарын протест еткен жүздеген адам сейсенбі күні Бағдаттағы АҚШ елшілігіне кіріп ғимаратты зақымдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар