Талибан басшысы Месуд өлтірілді

Пәкістан Талибанының басшыларынан Кари Сайфуллах Месуд Ауғанстанның Хост уәлаятында оққа ұшты.

1331846
Талибан басшысы Месуд өлтірілді

Пәкістан Талибанының басшыларынан Кари Сайфуллах Месуд Ауғанстанның Хост уәлаятында аты-жөні белгісіз кісілер тарапынан атылған оққа ұшты.

Гулоон атты лагердің сыртында болған шабуылдың Ауғанстан Талибанына қарасты Хаккани тобы тарапынан жасалғаны мөлшерленуде.

Хаккани тобы үш күннің алдында аймақта Хакимуллах Месуд тобына қарасты 3 адамды өлтірген болатын.

Месудтың өлтірілуіне байланысты Анатолы Агенттігіне сұхбат берген журналист Сабур Хаттак 2015 жылы 45 кісі қаза тапқан Карачидегі автобус шабуылының жауапкері Месуд екенін ескертіп:

 "Пәкістан Талибаны бірнеше бөлімге бөлінді және Месуд оларды бірлестіру ойында болатын. Месуд Пәкістан Талибанының ең белсенді сарбазы болғандықтан ұзақ уақыттан бері Пәкістан тарапынан ізделіп жатқан" деді. 

Хаттак Месудтың 2016 жылы Американ күштері тарапынан ұсталғанын, алайда 14 айданк ейін босатылғанын тілге тиек етті.

Пәкістанда іздеу салынған террористер арасындағы Месуд өзіне қарасты делінген бір дыбыс таспасында 2019 жылы Пәкістанда 75 террорлықшабуыл ұйымдастырғандарын айтқан.



Ұқсас жаңалықтар