Мәскеудегі шабуылда бір адам қаза тапты

Ресей Федералды қауіпсіздік басқармасы ғимараты маңында болған қарулы шабуыл салдарынан бір қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

1326488
Мәскеудегі шабуылда бір адам қаза тапты

Мәскеудегі шабуылда бір адам қаза тапты.

Ресейдің астанасы Мәскеуде Ресей Федералды қауіпсіздік басқармасы ғимараты маңында болған қарулы шабуыл салдарынан бір қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

Ресей Федералды қауіпсіздік басқармасынан жасалған мәлімдемеде ғимарат маңында куәлігі белгісіз бір адамның қарулы шабуыл жасағаны білдірілді. Мәлімдемеге қарағанда Ресейдің ФҚҚ тағы екі қызметкері ауыр жарақат алған.

Ал Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша оқиғада 5 адамның жарақат алғаны баяндалды.

Қауіпсіздік күштері оқиғаға байланысты тергеу бастады.



Ұқсас жаңалықтар