Жапония АҚШ пен Иран арасында бітімгер болмақ

Абэ Тегеран және Вашингтон әкімшіліктері арасындағы ядролық текетірестің шешімін табуында бітімгер болуды қалайды.

1320467
Жапония АҚШ пен Иран арасында бітімгер болмақ

Жапония премьер-министрі Абэ Синдзо Орта Шығыстағы дағдарысты бәсеңдету және тыныштықты орнату мақсатымен барлық дипломатиялық талпыныстарды жалғастыратынын білдіріп, АҚШ пен Иран арасында халықаралық қоғамнан күтілгеніндей бітімгер ретінде қызмет беруді қалайтындарын білдірді.

Киото агенттігінің хабарына қарағанда Абэ астана Токиодағы ақпарат жиналысында Иран президенті Хасан Руханидің Жапонияға сапар жасауы мүмкін екенін жариялады.

Абэ Тегеран және Вашингтон әкімшіліктері арасындағы ядролық текетірестің шешімін табуда және Орта Шығыстағы кірбеңдіктің аяқталуында рол атқарғысы келетінін білдірді.

Абэ Синдзо: "Диалогті батылдықпен жалғастырып, аймақтағы жағдайды бәсеңдету және тұрақтылықты сақтау үшін дипломатиялық талпыныстарды жалғастырамыз" деді.

Абэ Руханидің қашан сапар жасайтынын анық айтпады.

Дипломатиялық хабар көздері Абэнің Руханимен кездесуінде Жапонияның  Орта Шығысқа Жеке Қорғаныс күштерін жолдау жоспарының да күн тәртіпке келуі күтілгенін жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар