Солтүстік Корея тағы зымыран сынады

Солтүстік Корея Шығыс теңізге екі зымыран атқандарын туралады.

1314868
Солтүстік Корея тағы зымыран сынады

Солтүстік Корея елдің шығысындағы Оңтүстік Хамген уәлаятынан Шығыс теңізге (Жапон теңізі) екі зымыран атқандарын туралады. 

Оңтүстік Корея хабар агенттігі Yonhap-тың хабарына қарағанда Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын да қатысқан "керемет үлкен көптік зымыран атар" сынағы жасалғаны жарияланды.

Хабарда Қорғаныс Ғылымдары академиясы тарапынан зымыран атардың соғыс қуатын бақылау мақсатымен сынақ жасалғаны білдіріліп, Ким Чен Ынның сынақ нәтижесіне разы болғаны хабарланды.

Оңтүстік Корея Бас Штаб басқармасы сынақ ретінде атылған зымырандардың 380 километр ұзақтыққа жеткенін білдіріп, сынақтың түбектегі дағдарысты жеңілдету талпыныстарына көмекші болмайтыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар