Берлинде бір мешітке э-поштамен қорқыту хаты жіберілді

Германияның Берлин қаласындағы радикал оңшыл бір ұйым Шәйіттік мешітіне бомбалы шабуылмен қорқытты.

1311990
Берлинде бір мешітке э-поштамен қорқыту хаты жіберілді

Орталығы Кельнде болған Дін істері Түрік Ислам Одағының ақпарат көздеріне қарағанда Берлин Шәйіттік мешітіне бағытталған бомбалы шабуыл қорқытуы бүгін жергілікті уақытпен сағат 08:01-де электронды пошта арқылы жасалды.

«Бүгін бірнеше бомба мешітіңізде жарылады» делінген және «neo88@web.de» пошта адресінен жолданған электронды пошта радикал оңшыл террор ұйымы «Combat 18» атымен жіберілген.

Түркияның Берлиндегі Бас консулы Рыфкы Олгун Юджекөк аталмыш қауіппен байланысты Берлиннің полиция бөлімшелеріне шағымданғандарын атап, «Негізсіз бір қорқыту болса да, мазасыздық туғызуға бағытталған бір әрекет» деді.

Солтүстік Рейн-Вестфалия штатындағы Менден Йешил мешітіне екі күн бұрын кім екені белгісіз адамдар тарапынан бір қорқыту хаты жіберілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар