"Түркияның Сириядағы күрдтермен емес, террор ұйымы PKK-мен мәселесі бар"

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі басшысы Нечирван Барзани Түркияны қолдады.

1300988
"Түркияның Сириядағы күрдтермен емес, террор ұйымы PKK-мен мәселесі бар"

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі басшысы Нечирван Барзани Түркияның Сириялық күрдтермен емес, террор ұйымы PKK-мен мәселесі бар екенін атап көрсетті.

Барзани орталығы Эрбильдегі Орталық Таяу Шығыс Зерттеулері институты тарапынан ұйымдастырылған бір конференцияда Сирия және PKK-мен байланысты баяндады.

Түркияның Сириядағы күрдтермен ешбір мәселесі болмағанын атап көрсеткен Барзани «Түркияның Сириядағы күрдтермен емес, террор ұйымы PKK-мен мәселесі бар» деді.

Түркия тарапының «Біз ешқандай шекараларымыз бен Сирия арасында PKK-ның шүберектеріне төзе алмаймыз» деп, ұстанымын ашық түрде өздеріне жеткізілгенін атап көрсеткен Барзани «Біз ұйымның Сириядағы бауырларымыз үшін үлкен бір қауіп екенін түсіндіруге тырыстық» деді.

PKK-ның Сириядағы болмысына наразылық көрсеткен Барзани «Күрдтердің PKK-мен араласпауы жалғыз тілегіміз. PKK Сирия күрдтері арқылы өзін заңды қылғысы келеді және бүгін бұл жағдай өкінішке орай қазіргі сатыға жетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар