Ирактағы шерулерде 1 қазан күнінен бері 254 адам қаза тапты

БҰҰ Ирак қызметі «25 қазан-4 қараша Ирак шерулері» тақырыпты рапорт жариялады.

1301063
Ирактағы шерулерде 1 қазан күнінен бері 254 адам қаза тапты

Иракта 1 қазан күні басталған үкіметке қарсы шерулер себепті қазірге дейін 254 адам қаза тапты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ирак қызметі тарапынан жарияланған «25 қазан-4 қараша Ирак шерулері» тақырыпты рапортта елдің бас қаласы Бағдаттан бастап, орталық және оңтүстік аймақтарында жалғасқан шерулердің екінші толқынында тағы 97 шерушінің қаза тапқаны атап көрсетілді.

Мыңдаған адамның шерулер кезінде жарақат алғанына назар аударылған рапортта 25 қазан күні қайтадан басталған шерулерде БҰҰ-ның шерушілерге бағытталған көптеген адам құқықтары бұзушылығы тіркелгеніне орын берілген.

Рапортта қауіпсіздік күштері тарапынан лақтырылған газ бомбасының 16 шерушінің өліміне себеп болғаны білдірілді.

Рапортта мәлімдемесіне орын берілген БҰҰ Ирак Адам құқықтары кеңсесі жауаптысы Даниэль Белл «Қауіпсіздік күштерінің қарусыз шерушілерді газ бомбасымен нысанаға алуының ешбір сылтауы болмайды» деді.

БҰҰ тарапынан 22 қазан күні жарияланған «1-9 қазан Ирак шерулері» рапортында болса 157 шерушінің қаза тапқаны, 5 мың 494 шерушінің болса жарақат алғаны атап көрсетілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар