Ұлыбритания террор қаупі деңгейін төмен шегерді

Ішкі істер министрі Прити Пател ұлттық террор қаупінің «аса маңызды» деңгейден «маңызды» деңгейге шегерілгенін білдірді.

1300198
Ұлыбритания террор қаупі деңгейін төмен шегерді

Ұлыбритания Ішкі істер министрі Прити Пател ұлттық террор қаупінің деңгейінің «аса маңызды» категориядан «маңызды» деңгейіне шегерілгенін білдірді.

Пател жасаған мәлімдемеде қорқыту деңгейіндегі өзгеріске қарамастан террордың ұлттық қауіпсіздік үшін тікелей және сәттік рискі болуды жалғастырғанын атап көрсетті.

Қорқыту деңгейінің үздіксіз қадағаланатынын білдірген Пател «Үкімет, полиция және барлау ұйымдары террор қауіпіне қарсы күрес үшін шаршамай жұмыстарын жалғастырады» деді.

Ұлыбританияда қауіптің «соңғы саты», «аса маңызды», «маңызды», «орташа» және «төмен» деп аталған 5 деңгейі бар.

Ұлыбританияда соңғы жылдары ең үлкен шабуыл 2017 жылы 22 мамыр күні Манчестер қаласында жасалған болатын.

Бір концерт залын нысанаға алған бомбалы шабуылда 23 адам қаза тауып, 59 адам жарақат алған болатын. Сондай-ақ бас қала Лондонда пышақпен де шабуылдар тіркелген еді.



Ұқсас жаңалықтар