"Террор шабуылдарымен ең көп бетпе-бет қалған ел - Түркия"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО-ға мүше елдер арасында террор шабуылдарымен ең көп бетпе-бет қалған елдің Түркия екенін мәлімдеді.

1299124
"Террор шабуылдарымен ең көп бетпе-бет қалған ел - Түркия"

Столтенберг «Bild am Sonntag» газетіне мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Сирияның солтүстігінде қақтығыстардың азая бастағанын және мұның саяси бір шешім талпынысына жағдай жасағанын білдірді.

Столтенберг «Осында Түркияның маңызды бір одақтас екенін қабылдау керек. ДАИШ-ке қарсы күрес және алға тартылған халифалық тәртібінің физикалық тұрғыдан жойылуында Түркия табанды түрде үлес қосты. Ешбір одақтасы ел Түркия сияқты босқын қабылдамады. Түркия 3,6 миллион сириялыққа қонақжайлық жасауда. НАТО-ға мүше елдер арасында террор шабуылдарымен ең көп бетпе-бет қалған ел - Түркия» деді.



Ұқсас жаңалықтар