Трамп: "Мен атылсам Меланья жыламайды"

Дональд Трамп өзі бір қарулы шабуылға ұшыраған жағдайда жұбайы Меланья Трамптың жыламайтынын айтты.

1298660
Трамп: "Мен атылсам Меланья жыламайды"

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп өзі бір қарулы шабуылға ұшыраған жағдайда жұбайы Меланья Трамптың жыламайтынын айтты.

Республикашыл партияға арналған бір бағыш іс -шарасында сөз алған Трамп Лоуисианадан Өкілдер Мәжілісінің азсандылар бақылаушысы Стив Скализдің бірнеше жылдың алдында қастандыққа ұшырауынан сөз қозғады.

Стив Скализдің батылдығына мадақ айтқан Дональд Трамп Стив Скализдің жұбайы Дженнифермен емханада танысқандарын, сол кезде Дженнифердің өксіп-өксіп жылағанын көргенін айтты. 

Көптеген әйелдің мұндай әрекет көрсетпейтінін білдірген Дональд Трамп:

"Мысалы, менің жұбайым мен қастандыққа ұшырасам жыламас еді" деді.



Ұқсас жаңалықтар