Афринде террор шабуылы

Сирия-Түркия шекарасындағы Африн аудан орталығындағы шабуылда 4 адам қаза тапты.

1297576
Афринде террор шабуылы

Сирия-Түркия шекарасындағы Африн аудан орталығында бомба тиелген көліктің жарылуы салдарынан жазықсыз 4 адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды.

Афринде азанғы сағат 07:00-де болған террор шабуылында ауданның көкөніс базарына бомба тиелген жүк көлігімен шабуыл жасалды.

Оқиғада алғашқы мағлұматтарға қарағанда базарда жұмыс істейтін 4 жазықсыз адам қаза тапты, 11 жазықсыз адам жарақат алды. Жағдайы ауыр күйдегі жаралылар ауруханаға жеткізілді.

Жаралылар арасында 2 бала бар екені білдірілді. Шабуыл салдарынан көкөніс базарында өрт шықты.

Зәйтүн бұтағы операциясымен 2018 жылы 18 наурыз күні террор ұйымы YPG/PKK-дан құтылған Африн аудан орталығында террористтер кейде бомба тиелген көліктермен жазықсыз адамдарды нысанаға алуда.



Ұқсас жаңалықтар