Ердоған-Путин кездесуі орыс баспасөзінде кең орын алды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путинмен Сочидегі саммиті орыс баспасөзінде кең орын алды.

1293415
Ердоған-Путин кездесуі орыс баспасөзінде кең орын алды

Орыс баспасөзі кеше Сочиде болып өткен Ердоған мен Путин басқосуын бағалады.

Орыс хабар агенттігі РИА Новости «Путин мен Ердоған тағдыр белгілейтін шешімдер қабылдады» тақырыпты хабарында екі елдің Сирияның шекара тұтастығын қорғау тақырыбында табанды екенін атап көрсетті.

Коммерсант газеті кездесу барысында қол қойылған келісім мәтінің маңызына назар аударып, «Келісім Сирияның тағдырын маңызды мөлшерде белгіледі. Кездесу Сирияда жаңа бір соғыстың алдын алды» деп жазды.

Кездесудің шамамен 6 сағатқа созылғанына назар аударған Ведомости газеті болса Ресеймен Түркияның Сириядағы қауіпсіз аймақтың шекаралары тақырыбында келіскеніне назар аударды.

Орыс хабар агенттігі TASS кездесуді «Ресей мен Түркия Сирияда жікшілдікке қарсы күрес тақырыбында келісті» тақырыбымен жариялады.

Хабарда «Ресей мен Түркия терроризмге қарсы бірге күреседі. Екі ел сириялық босқындардың өз елдеріне сенімді және ерікті түрде оралу кезеңіне үлес қосады» делінген.



Ұқсас жаңалықтар