Йенс Столтенберг Түркияның маңыздылығына тоқталды

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг заңды қауіпсіздік алаңы болған Түркия сияқты ешқандай одақтасымыз террористік шабуылға ұшырамағанын айтты.

1287999
Йенс Столтенберг Түркияның маңыздылығына тоқталды

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг заңды қауіпсіздік алаңы болған Түркия сияқты ешқандай одақтасымыз террористік шабуылға ұшырамағанын айтты.

Йенс Столтенберг НАТО Парламенттер Ассамблеясының Ұлыбританияның астанасы Лондонда өткізілген жиналысында сөз сөйледі.

Өткен апта Түркияға сапарында президент Режеп Тайып Ердоған және Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен кездескенін ескерткен Столтенберг кезедсулерде Бейбітшілік бұлағы операциясын талқылағандарын айтты.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг:

"Түркияның заңды қауіпсіздік алаңдары бар. Басқа ешқандай одақтасымыз тіпті көп террористік шабуылға ұшырамады. Басқа ешқандай одақтасымыз Орталық Шығыстан туындаған күш көрсету, тұрақсыздық және былықпалыққа Түрки ядан көп ұшыраған жоқ.  Басқа ешқандай одақтасымыз осыншама көп сириялыққа үй иесі болған жоқ" деп баса көрсетті.

Йенс Столтенберг бір сұраққа орай:

"Ол жерде соғысып жатқандарды түсінудің тек жолы Түркияның атқарған ролін түсінуден басталады. Түрки я НАТО үшін маңызды. Тек қана ДАИШ-пен күресу үшін емес, көптеген салада маңызды екенін дәлелдеді. Халықаралық коалиция және НАТО одақтастары ДАИШ-ты жою операциямызда Түркиядағы инфрақұрылымдар мен базаларды қолданды" деді.

Йенс Столтенберг: ДАИШ-тың бір аймақтан айырылғанымен болмысын жалғастырып жатқанын ескертіп, террористік ұйымға қарсы береке-бірлікті қорғаудың маңыздылығына тоқталды.

Бас хатшы халықаралық қоғамның шетелдің жауынгерлерге байланысты ортақ және жалғастыруға болатын шешім табуы керектігін дәріптеді.



Ұқсас жаңалықтар