Көш мәселесіне шешім табу үшін бас қосты

Аврамопулос мүше елдердің ұйымшылдық көрсетуі керектігін айтты.

1284005
Көш мәселесіне шешім табу үшін бас қосты

Еуропа Одағына мүше елдердің қатысты министрлері көш толқынына түбегейлі шешім табу мақсатымен Люксембургта бас қосты.

Көш және қауіпсіздік тақырыптары қаралатын ЕО Әділет және ішкі істер кеңесі үшін Люксембургқа келген ЕО Миграция, ішкі істер және азаматтыққа жауапты комитет мүшесі Дмитрис Аврамопулос баспасөзге мәлімдеме берді.

Аврамопулос жиналыста Италия, Германия, Франция және Малта ұсынған «уақытша жаңа тарату жүйесінің» талқыға салынатынын білдірді.

Ол мүше елдердің ұйымшылдық көрсетуі керектігін айтты.

«Жерорта теңізінде қазіргі жағдайды жалғастыра беруге болмайды.  Уақытша емес,  түбегейлі механизмдер керек» деді ол.

Аврамопулос «Бұл жағдайға көнсеңіз де, көнбесеңіз де,  көш жаһандық маңыздағы тақырып болуын жалғастырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар