Нигериядағы шабуылда 16 адам қаза тапты

Мауро ауданындағы шабуылда 11 әскер барлығы 16 адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды.

1282499
Нигериядағы шабуылда 16 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік шығысында террор ұйымы Боко Харам жасаған шабуылда 16 адам қаза тапты.

Ел баспасөзінде шыққан хабарға қарағанда кім екені белгісіз бір әскери лауазымды Борно уәлаятына қарасты Мауро ауылындағы әскери бекетке шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Лауазымды 11 әскер барлығы 16 адамның қаза тапқанын, көптеген адамның жарақат алғанын білдірді.

Шабуылда екі әскердің із-түссіз жоғалғанын жеткізген лауазымды ұйымның әскерлерге тиесілі қаруларды жинап қашқанын атап көрсетті.

Нигерия Әуе күштері мәлімдемешісі генерал лейтенант Ибикунле Дарамола Чад көлі хауызы аумағында ұйымға бағытталған әуе операциясында көптеген террористің залалсыздандырылғанын жариялады



Ұқсас жаңалықтар