Иран ғарышқа ғарышкер жібермек

Иран коммуникация және технология министрі Халықаралық ғарыш апталығына орай баспасөзге мәлімдеме жасады.

1282492
Иран ғарышқа ғарышкер жібермек

Иран коммуникация және технология министрі Мұхаммед Джевад Әзери Джехроми басқа елдердің де қолдауымен ғарышқа ирандық ғарышкер жіберетіндерін жариялады.

Джехроми Халықаралық ғарыш апталығы аясында министрлікте ұйымдастырылған іс-шарада елінің ғарыш саласындағы жұмыстары жайлы мағлұмат берді.

Иранның ғарыш өнеркәсібі саласындағы жұмыстарының АҚШ-ты мазалағанын және осы себепті бір түннің ішінде Иранның 3 ғарыш мекемесін санкция құрамына алғанын атап көрсеткен Джехроми «Басқа елдердің де қолдауымен ғарышқа міндетті түрде ирандық ғарышкер жіберілетінін білдірді. Осы жаңалықтарды жақтырмайтындар жақсылап ұқсын, бір метр қашықтыққа дейін бейне көрініс түсіру қабілетіне ие жерсерігін 2021 жылына дейін орбитаға орналастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар