БҰҰ-дан көмек келмегенін айтты

Мадуро Біріккен Ұлттар Ұйымының еліне гуманитарлық көмек жібермегенін білдірді.

1281554
БҰҰ-дан көмек келмегенін айтты

Венесуэла президенті Николас Мадуро Біріккен Ұлттар Ұйымының еліне гуманитарлық көмек жібермегенін білдірді.

Венесуэла баспасөзінде жарияланған хабарларға қарағанда, Мадуро үкіметтің көз аурулары және осы осы саладағы білім берудегі іс жоспарында БҰҰ және Америка Құрама Штаттарын сынға алды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының көп уәде бергеніне қарамастан гуманитарлық көмек жолдамағанын айтты.

Мадуро түрлі көмектер және ынтымақтастықтар үшін Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымы, Панамерикан Денсаулық одағы және ЮНИСЕФ –ке алғыс айтты.

Америка Құрама Штаттарының Венесуэлаға жүргізген санкцияларына тоқталған Венесуэла президенті елдің заңсыз және бір жақты санкцияға душар болғанын атап көрсетті.

Мадуро осы санкцияларға қарамастан денсаулық сақтау саласында соңғы технологиялық өнімдерге инвестиция салудан бас тартпағандарын білдірді.

Аудандарға жаңа мың медициналық ошақ салу үшін 100 миллион доллар бөлгендерін білдірген Мадуро айырықша диализ өнімдерін сатып алу мақсатымен 168 миллион 275 мың евролық қаражатты бекіткендерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар