Ауғанстандағы президенттік сайлау бойынша 68 шабуыл жасалды

Талибанның 68 шабуылында 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, 75 адам жарақат алды.

1278350
Ауғанстандағы президенттік сайлау бойынша 68 шабуыл жасалды
afganistan guvenlik.jpg
afganistan secim.jpg

Ауғанстанда кешегі президенттік сайлау аяқталғанша елде 68 шабуыл жасалып, 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

Ішкі істер министрі Месут Андераби баспасөзге жасаған мәлімдемеде Талибанның сайлауға кедергі жасау талпыныстарының табыссыз болғанын атап көрсетті.

Талибанның ел көлемінде жасаған 68 шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын білдірген Андераби 3 қауіпсіздік қызметкері барлығы 72 адамның жарақат алғанын атап көрсетті.

Андераби шабуылдардың Логар, Тахар, Кунар, Джүзджан, Фарияб, Кундуз, Бағлан, Пактия және Пактика уәлаяттарында ұйымдастырылғанын тілге тиек етті.

Ауғанстан Ұлттық Қауіпсіздік басқармасынан жасалған мәлімдемеде сайлау күні ел көлемінде Талибанға бағытталған 13 операцияда 34 Талибан мүшесінің өлтірілгені, 14 содырдың жарақат алғаны атап көрсетілді.

Талибан жасаған мәлімдемеге қарағанда шабуылдарда қауіпсіздік күштерінен қаза тапқан және жарақат алғандар санының 422 екені алға тартылды.

Кеше 9 миллион 600 мың сайлаушысы бар елдегі сайлауда 15 үміткер жарысты.



Ұқсас жаңалықтар