Антониу Гутерреш Сирияда Атазаң комитеті құрылатынын айтты

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттереш Сирия Атазаң комитетінің қалыптасқанын жариялады.

1274893
Антониу Гутерреш Сирияда Атазаң комитеті құрылатынын айтты

 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерреш Сирия Атазаң комитетінің қалыптасқанын жариялады.

Бас хатшы Антониу Гутерреш Біріккен Ұлттар Ұйымы орталығында журналистерге жасаған мәлімдемесінде Сирияда режимнің және оппозициялардың Атазаң комитетінің қалыптасуы тақырыбында келісімге келгенін білдірді.

Сенімді, тепе-теңдікті сақтайтын және көлемді бір комитеттің БҰҰ бақылауында Швейцарияның Женева қаласында  алдағы апталарда бас қосатынын білдірген Антониу Гутерреш Атазаң комитетінің саяси процестің бастамасы болуы керектігін дәріптеді.

Атазаң комитетінің құрылуы арқылы нақтылы әрекеттің іске асырылуы керектігін білдірген Антониу Гутерреш аталмыш процеске есе қосқан Түркия, Ресей және Иранға алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар