Араб коалиция күштерінің шабуылында 12 адам қаза тапқан

Гранде Йеменде жай халыққа бағытталған шабуылдың қабылдауға болмайтынын түсіндірді.

1252252
Араб коалиция күштерінің шабуылында 12 адам қаза тапқан

Араб коалиция күштерінің шабуылында 12 адам қаза тапқан.

Сауд Арабиясының басшылығындағы Араб коалиция күштері тарапынан Хадже провинциясына жексенбі күні әуе шабуылы жасаған еді. Бұл шабуылда 6-ы бала 12 адам қаза тапқан болатын. Әуе шабуылынан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық қарым-қатынастар офисі мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Йеменде 320 мың адамның өлтірілгені білдірілді.

БҰҰ Йемен арнайы өкілі Лисе Гранде Йеменде жай халыққа бағытталған шабуылдың қабылдауға болмайтынын түсіндірді.

Гранде «Йемен халқының бұндай қиыншылық кешірудің ешбір себебі жоқ. Туыс-туғандарымен Құрбан айтты құттықтайтын кезде олар аза татуда. Бұл өте аянышты жағдай» деген сөздер қолданды.

Ұзақ уақыттан бері тұрақсыздық кешірген Йеменде Хоуситтер мен үкіметке қарасты күштер арасында қақтығыстар болуда.



Ұқсас жаңалықтар