«АҚШ жаһандық қауіпсіздікке қауіп төндірді»

Ресей президенті АҚШ-тың Орта қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою жөніндегі келісімнен бір жақты шығуын сынға алды.

1249053
«АҚШ жаһандық қауіпсіздікке қауіп төндірді»

АҚШ-тың шешімінің бақылаусыз қарулануға ұмтылысты арттыратынын ескертті.

Орыс басшы келісімнен бас тарту шешімінің бір жақты сылтаулармен қабылданғанын мәлімдеді. Осының ядролық қарулардың бақылауын одан да қиындататынын атап көрсетті.

Кремль баспасөз офисінің мәлімдемесіне қарағанда Путин қақтығыстарды азайту бастамаларына Вашингтонның балта шапқанын білдірді.

Стратегиялық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келіссөздерге дайын екенін жеткізді.

Путин АҚШ-тың тыйым салынған зымырандарды жетілдіргені анықталған жағдайда, Ресейдің де бірдей қадамдарды басатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар