Иран мен БАӘ келісімге келді

Хаттама Парсы шығанағындағы ынтымақтастықты арттыру және шекара бақылауын нығайтуды мақсат етеді.

1246297
Иран мен БАӘ келісімге келді

Иран мен Біріккен Араб Әмірліктері шекарада ынтымақтастықты нығайтуды көздеген хаттамаға қол қойды.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда,  алты жыл үзілістен кейін қайтадан Ортақ Жағалау қауіпсіздік жиналысында бас қосқан екі ел қауіпсіздік қызметкерлері хаттамаға қол қойды.

Хаттама Парсы шығанағындағы ынтымақтастықты арттыру және шекара бақылауын нығайтуды мақсат етеді.

Елі атынан хаттамаға қол қойған Иран Шекара қорғаушылары қолбасшысы генерал-майор Касым Рызаи: «Екі ел арасында шекарадағы ынтымақтастықты арттыру мақсатымен жиналыс ұйымдастырып,  хаттамаға қол қойдық» деді.

Рызаи осындай жиналыстардың екі ел шекара қауіпсіздігі үшін маңызды екенін айтты.

Біріккен Араб Әмірліктері Шекара қолбасшысы Әл Ахбаби болса «Шекарадағы қауіпсіздікті арттыратын және өтуді жеңілдететін осы келісімге қол қою - екі ел мүддесін қорғау үшін маңызды қадам» деді.



Ұқсас жаңалықтар