Қытай үкіметі Гонконг үкіметі мен полициясын қолдайды

Қытай үкіметі Гонконг автономиялық аймағындағы ереуілдерден кейін Гонконг үкіметі мен полициясын қолдайтынын жариялады.

1244448
Қытай үкіметі Гонконг үкіметі мен полициясын қолдайды

Қытай үкіметі Гонконг автономиялық аймағында жалғасып жатқан ереуілдерден кейін Гонконг үкіметі мен полициясын қолдайтынын жариялады.

Қытай Мемлекеттік конгресіне қарасты Гонконг және Макао істері офисінің мәлімдемешісі Ян Гуан астана Пекинде ұйымдастырған баспасөз мәслихатында  Гонконгта қылмыстыларды Қытайға тапсырып беру заң жобасына қарсы жүргізілген протест ереуілдеріне байланысты Гонконг Бас директоры Кэрри Лам әкімшілігін және Гонконг полициясын қолдайтындарын білдірді.

Ян Гуан :

"Қытай орталық үкіметі Гонконг Бас директоры Кэрри Ламның құқыққа лайықты түрде жергілікті үкіметті басқаруын, Гонконг полициясының заңды мұқият атқаруын, Гонконг үкіметінің қатысты ұйымдарының және заң органдарының құқыққа сай қылмыстыларды жазалауын қолдайды" деп көрсетті.

Ян Гонконгта күш қолдануға және заңға қайшылық жасауға рұқсат берілмейтінін білдіріп, әрқандай бір шетелдік күштің аймаққа килігуіне шыдамдылық көрсетілмейтінін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар