Мұнай ұңғымасына шабуыл

Селахаддин қаласында террорлық ұйым ДАИШ екі мұнай ұңғымасына шабуыл жасады.

1244027
Мұнай ұңғымасына шабуыл

Ирактың Селахаддин қаласында террорлық ұйым ДАИШ екі мұнай ұңғымасына шабуыл жасады.

Ирак армиясына қарасты Селахаддин Операциялар қолбасшылығынан капитан Саад Мұхаммед ДАИШ террористтерінің Селахаддин қаласындағы мұнай ұңғымасына шабуыл жасағанын айтты.

Аджил және Аллас мұнай құдықтарына шабуылдаған террористтерге полиция тойтарыс берді.

Аймақта қауіпсіздік шаралары арттырылды.

Ирактың батысындағы Енбар қаласында болса ДАИШ-тің екі орталығы бомбаланды. Операцияда 4 террорист өлтірілді.



Ұқсас жаңалықтар