Идлиб Дағдарысын азайту аймағында 7 бейуаз азамат мерт болды

Идлиб дағдарысын азайту аймағындағы әуе және құрлық шабуылыдарында қаза тапқан бейуаз азамат саны 115 кісіге көбейді.

1244226
Идлиб Дағдарысын азайту аймағында 7 бейуаз азамат мерт болды

Сирияда Башар Асад режимі және Ресейге қарасты соғыс ұшақтарының Идлиб дағдарысын азайту аймағындағы елді мекендерге ұйымдастырған әуеден шабуылдарында 7 бейуаз азамат мерт болды.

Оппозицияға қарасты ұшақ бақылау үйі тарапынан Асад режимінің Идлиб дағдарысын азайту аймағы ішіндегі Хама уәлаятының Латмин ауылына, Ресейдің Кефер Зита ауданына әуеден шабуылдар ұйымдастырғаны білдірілді.

Азаматтық қорғаныс хабар көздерінің білдіруіне қарағанда азанда ұйымдастыырлған әуеден шабуылдарда жалпы 7 жай азамат қаза тапқаны хабарланды.

Әуеден шабуылдар тығыз жалғасып жатқанда қаза тапқан адамдар саны артуы алаң туғызуда. Башар Асад режимі және Ресейге қарасты соғыс ұшақтарының Идлиб дағдарысын азайту аймағындағы елді мекендерге апталардан бері ұйымдастырған әуе және құрлық шабуылыдарында қаза тапқан бейуаз азамат саны 115 кісіге көбейді.

Сирия Адам құқықтары ұйымы Башар Асад және қолдаушыларының Идлиб аймағына 26 сәуір мен 12 шілде күндері арасында ұйымдастырған шабуылдарында 157 бала, 111 әйел, жалпы 606 бейуаз азамат қаза тапқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар