Ирак Эрбиль шабуылын айыптады

Ирак шабуылдың Бағдат пен Анкара арасындағы қарым-қатынастарына болымсыз ықпай жасамайтынын білдірді.

1238179
Ирак Эрбиль шабуылын айыптады

Ирак шабуылдың Бағдат пен Анкара арасындағы қарым-қатынастарына болымсыз ықпай жасамайтынын білдірді.

Кеше Ирактың Эрбиль қаласында бір түрік дипломатын нысанаға алған шабуыл ұйымдастырылды. Шабуылда Түркияның Эрбиль Бас консулдығындағы бір дипломат шейіт болды.

Ирак үкіметі бұл шабуылдың Бағдат пен Анкара арасындағы тарихи және стратегиялық қарым-қатынастарға болымсыз ықпал жасамайтынын білдірді.

Ирак Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Түркияның Эрбиль Бас консулдығындағы бір дипломаттың шейіт болуына себеп болған қарулы шабуылды айыптаймыз» делінді. 

Мәлімдемеде «Опасыз шабуыл Бағдат пен Анкара арасындағы тарихи және стратегиялық қарым-қатынастарына болымсыз ықпал жасай алмайды. Бұл шабуыл дос екі ел арасындағы қою байланысты әлсіретпейді» деген сөздерге орын берілді.



Ұқсас жаңалықтар