Эболадан 1552 адам қайтыс болды

Вирус жұққан 683 адам сауығып кетті.

1234154
Эболадан 1552 адам қайтыс болды

Конго Демократиялық Республикасында өткен жылы шілде айында басталған эбола індетінде қаза тапқандардың саны бір аптада 48 артты. 1552 адам қаза тапты.

Конго Денсаулықты сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда,  Солтүстік Киву уәлаятында басталған індетте 2 мың 437 оқиға тіркелді. Осылардың 2 мың 343-інде эбола вирусы бар екені анықталды.  Індетте 1552 адам қаза тауып,  вирус жұққан 683 адам сауығып кетті.

Қазір эбола вирусынан 108 адам ем алып жатыр.

Аймақта 2018 жылдың 8 тамыз күні басталған акция шеңберінде 156 мың 851 адамға вакцина егілді.



Ұқсас жаңалықтар