АҚШ пен Мексиканың жасырын көш келісімінің сыры ашылды

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Мексикамен жасалған көш келісімінің мазмұнын байқамай жариялап алды.

1217509
АҚШ пен Мексиканың жасырын көш келісімінің сыры ашылды
trump meksika anlasma1.jpg

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Мексикамен жасалған көш келісімінің мазмұнын байқамай жариялап алды.

Дональд Трамп Мексикамен жасырын бір көш келісімін жасасқандарын жариялады. Алайда Ақ үй келісімнің мазмұнына байланысты мәлімет беруден бас тартты.

Мексиканың келісім пайымдауларын теріске шығаруынан кейін ақпаратқа мәлімдеме жасаған Трамп келісім шарттары жазылған қағазды журналистерге көрсетті.

Вашингтон пост газетінде шыққан хабарда газеттің тілшісі түсірген суретте келісімнің мәліметтері мен екі кісінің қолтаңбасы көрінді.

Құжатта АҚШ-ты паналауды талап еткен Орта Америкалықтардың өтініші бағаландырылған кезде Мексикада тұратындары және Мексиканың "Қауіпсіз үшінші ел" мәртебесін алатыны сияқты тақырыптар жазылған. 



Ұқсас жаңалықтар