Түрмеде қамаулы ғұламалар корольдіктің кешірімін күтпейді

Сауд Арабиясында түрмедегі дін қызметкерлері жайлы корольдік кешірімі жасалғаны жөніндегі қауесеттер теріске шығарылды.

1214528
Түрмеде қамаулы ғұламалар корольдіктің кешірімін күтпейді

Сауд Арабиясында араларында әлемге белгілі Ислам ғұламасы Селман әл-Авде де бар қамаулы дін қызметкерлері жайлы корольдік кешірімі жасалғаны жөніндегі қауесеттер теріске шығарылды.

Сауд Арабиясында тұтқындардың құқығын қорғайтын «Ойшыл тұтқындар» твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде Авде және басқа қамаулы дін қызметкерлері жайлы кешірім жасалғаны жөнінде әлеуметтік медиада жарияланған жаңалықтардың негізсіз екені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Аталмыш дін қызметкерлері корольдіктің кешірімін күтпейді. Еркіндік олардың негізгі құқығы. Сауд Арабиясы мекемелерінің осы тұлғаларды дереу және алғы шартсыз босатуы қажетті» делінді.

Сауд Арабиясы аталмыш хабарлармен байланысты ресми мәлімдеме жасамады.



Ұқсас жаңалықтар