Ауғанстанда су тасқынынан 400 адам қаза тапты
Ауғанстанда соңғы апталарда жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 400-ге жетті.
![Ауғанстанда су тасқынынан 400 адам қаза тапты](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/2c6a/ec2c/8f11/66489baf21230.jpg?time=1722046624)
Ауғанстанның Түрікменстанмен шекарасындағы Фарьяб уәлаятында су тасқыны салдарынан тағы 18 адам қаза болса, елдің солтүстік уәлаяттарында соңғы апталарда жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 400-ге жетті.
Бұл туралы Фарьяб губернаторлығының баспасөз хатшысы Исметулла Муради «TOLO News» арнасына сұхбат берді. Муради сұхбатында су тасқынынан кемінде 18 адамның қаза тапқанын айтты.
Муради сондай-ақ екі мың гектардан астам ауылшаруашылық жерінің жарамсыз қалғанын, 1000-нан астам үйдің зақымданғанын және 300-ден астам малдың қырылғанын мәлімдеді.
Енді бір жағынан Басқа жақтан кеше Гор уәлаятында су тасқыны салдарынан бір адамның қаза тауып, ондаған адамның із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды.
Ауғанстанда ауа райының жылынуымен қардың еруі, толассыз жауған жаңбыр және инфрақұрылымның жеткіліксіздігі салдарынан болған су тасқыны адам мен малдың шығынына себеп болуда.
Ұқсас жаңалықтар
![Францияда пойыз қатынасы үзілді](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/adfb/a275/ae5d/66a35e6910f0f.jpg?time=1722046625)
Францияда пойыз қатынасы үзілді
Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына бірнеше сағат қалғанда пойыздар тоқтап қалды.