Иран Мәжілісінің төрағалығына Али Ларижани қайтадан сайланды
Иран Мәжілісінің төрағалығына Кұм қаласының депутаты Али Ларижани қайтадан сайланды.
Иран Мәжілісінің төрағалығына Кұм қаласының депутаты Али Ларижани қайтадан сайланды.
Иранның ресми хабар агенттігі ИРНА-ның хабарына қарағанда, Иран Мәжілісі Жалпы кеңесінде өткен 10- кезекті 4-жылдық Мәжіліс төрағалығы сайлауына Кұм қаласының депутаты Али Ларижани, Тегеран депутаты реформашыл Мұхаммед Рыза Ариф және Хумейнишехир депутаты Мұхаммед Джевад Ебтехи үміткер болды.
Мәжілістің отырысында ұйымдастырылған төрағалық сайлауында 274 дауыстан 155 "мақұл" дауысын алған Ларижани жеңімпаз болды.
Тебриз депутаты Месуд Пизишкиян төрағаның бірінші орынбасары, Кирманшах депутаты Абдуррыза Мысри екінші орынбасары болып сайланды.
Иранда депутат сайлауы 4 жылда бір, Мәжіліс төрағалығы сайлауы жылда бір өткізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.