Идлиб аймағына Асад күштері шабуылында 4 кісі мерт болды

"Идлиб дағдарысын азайту аймағы" ішіндегі шабуылда 4 бейуаз азамат мерт болды, 40-тан астам азамат жараланды.

1208489
Идлиб аймағына Асад күштері шабуылында 4 кісі мерт болды

Сирияда Башар Асад режиміне қарасты соғыс ұшақтарының "Идлиб дағдарысын азайту аймағы" шекарасы ішіндегі базарға ұйымдастырған шабуылында алғашқы санаққа қарағанда 4 бейуаз азамат мерт болды, 40-тан астам азамат та жараланды. 

Жергілікті ақпараттан алынған хабарға қарағанда, Асад әкімшілігі армиясы мен Иран қолдауындағы террорист топтардан ұйымдасқан режим күштері "Идлиб дағдарысын азайту аймағы" шекарасы ішіндегі Хан Шейхун және Марратиннуман ауданы мен Ел Хабит және Абидин ауылдарына әуеден және құрлықтан шабуылдар ұйымдастырған.

Азаматтық Қорғаныс хабар көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда, шабуылдарда алғашқы санаққа қарағанда 4 бейуаз азамат мерт болды, 40-тан астам азаматта жараланды.

Азаматтық Қорғаныс қызмет топтары іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, қаза болған адам санының артуы алаң туғызуда.



Ұқсас жаңалықтар