Мексикадағы қарулы қақтығыста кем дегенде 9 адам қаза тапты

Мексиканың батысында бандалар арасында шыққан қарулы қақтығыстарда кем дегенде 9 адам қаза тапты.

1206974
Мексикадағы қарулы қақтығыста кем дегенде 9 адам қаза тапты

Прокуратура жасаған мәлімдемеге қарағанда Мичоакан штатының Уруапан қаласында екі бандалық топ арасында шыққан қақтығыста кем дегенде 9 адамның қаза тапты, 4 адам жарақат алды.

Қақтығыстың есірткі картелдері арасындағы аймақтық күш күресінен туындағаны болжалады.

Мәлімдемеде елде өткен жылдың алғашқы 6 айында 15 мың 973 қастандық жасалғаны және осы көрсеткіштің алдынғы жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 16 пайыз артқаны атап көрсетілді.

Мексикада 2018 жылдың 1 желтоқсан күні міндетке сайланған президент Андерс Мануэл Лопез Обрадор бас қала Мексикода генералдарға арнап, жасаған баяндамасында армияның қайта қалпына келтірілуінің елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін міндетті екенін атап көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар