Буркина-Фасода 7 адам қаза тапты

Буркина-Фасода бір католик шіркеуіне жасалған шабуылда 7 адам ажал құшты

1199778
Буркина-Фасода 7 адам қаза тапты

Буркина-Фасода бір католик шіркеуіне жасалған шабуылда 7 адам ажал құшты.

Жергілікті баспасөздерде орын алған хабарларға қарағанда Санматенга облысындағы Дабло аймағында қарулы адамдар католик шіркеулеріне шабуыл ұйымдастырды.

Қандықолдар дұға қылып жатқан адамдарға оқ жаудырды. Оқиғада 7 адам қаза тапты.

Буркина-Фасо 2015 жылынан бері террор шабуылдарына душар болуда. Санақтар бойынша соңғы 4 жылда террористік шабуылдарда 400-ге тарта адам ажал құшты.

 


Этикеттер: #террор , #шабуыл , #шіркеу

Ұқсас жаңалықтар