Үндістандағы бомбалы шабуылда 15 кісі мерт болды

Үндістан қауіпсіздік күштерінің өткен жылы сәуір айында ұйымдастырған Маушыл оппозицияларға қарсы операцияларда 40 кісі өлтірілген болатын.

1193358
Үндістандағы бомбалы шабуылда 15 кісі мерт болды

 Үндістанда қауіпсіздік қызметкерлері отырған көлікке ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 15 қауіпсіздік қызметкері мен жүргізуші қаза тапты.

Махараштра уәлаятындағы Гадчироли аймағында Маушыл қарсыластар қауіпсіздік қызметкерлері отырған көлікке ұзақтан басқарылатын бомбалы шабуыл ұйымдастырды. 

Бомбалы шабуылда 15 қауіпсіздік қызметкері мен көліктің жүргізушісі қаза тапты.

Үндістанда екі аптаның алдында өткізілген жалпы сайлауда Маушыл қарсыластар тарапынан түрліше шабуылдар жасалған, алайда жан шығыны болмаған еді.

Үндістан қауіпсіздік күштерінің өткен жылы сәуір айында ұйымдастырған Маушыл оппозицияларға қарсы операциялар аясында 40 кісі өлтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар