Шетелдік соғыс ұшақтары Триполиге шабуылдады

Генерал Халифа Хафтердің талабымен шетел соғыс ұшақтары Триполиде тұрғын аймақтарын бомбалады.

1191833
Шетелдік соғыс ұшақтары Триполиге шабуылдады

Ливияның шығысындағы әскери күштердің басшысы генерал Халифа Хафтердің талабымен шетел соғыс ұшақтары Триполиде тұрғын аймақтарын бомбалады.

Ұлттық келіссөз үкіметі сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Ұлттық келіссөз үкіметі соғыс қылмыскері Халифа Хафтердің талабымен шетелдік соғыс ұшақтарының Триполидің Әбу-Селим ауданында өлімдер себеп болған әуе шабуылын қатаң түрде айыптайды» делінді.

Мәлімдемеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ірі мемлекеттер мен халықаралық қоғамға шабуылдарды тоқтату, жазықсыз адамдарды қорғау және осы шабуылдарға қатысы бар елдер туралы дереу тергеу ашылып, жазалау жөнінде жауапкершіліктерін орындауға шақыру жасалды.

Сондай-ақ Хафтерге қарасты қарулы күштердің ливиялықтардың негізгі табыс көзі болған мұнай орындарын басып алғаны атап көрсетілген мәлімдемеде мұның халықаралық мұнай нарықтарында дағдарысқа себеп болатыны ескертілді.

«Терроризм» деп қабылданған шабуылдарға қарсы халықаралық қоғамның үнсіз қалуы сынға алынған мәлімдемеде үкіметтің шабуылдардың тоқтатылуы, жазықсыз адам мен мүлік шығындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында халықаралық қоғамның ұстанымын ашық түрде ортаға қоюы дос және бауырлас елдермен тығыз қатынастар орнату екеніне назар аударылды.

Ресми твиттер парақшасынан тақырыппен байланысты мәлімдеме жасаған Катар сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед ибн-Абдуррахман әл-Сани «Ливияның бас қаласы Триполиде жазықсыз адамдар өмір сүрген аймақтарды нысанаға алған әуе шабуылын айыптаймыз» деді.

Хаосқа себеп болу мақсатты жазықсыз адамдардың нысанаға алынғанына назар аударған Әл-Сани мекемелер мен маңызды орындарды бомбалаудың «соғыс қылмысы» екенін атап, осы қылмыскерлердің және қолдаушыларының жауапкершілік алу керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар