Александр Михеев:Түркияның F-35 ұшағының орнына орыс соғыс ұшағын беруге дайынбыз

"Түрік тарапы келіссөз мақсатымен бізге келсе, мүмкіндіктерімізге негізделе отырып, Орыс Бірлескен ұшақ компаниясымен ортақ келіссөз жасауға дайынбыз".

1189307
Александр Михеев:Түркияның F-35 ұшағының орнына орыс соғыс ұшағын беруге дайынбыз

Ресей Мемлекеттік қорғаныс өнеркәсібі «Рособоронэкспорт» компаниясының төрағасы Александр Михеев Түркияның  F-35 жүйесінің орнына орыс соғыс ұшағын беру тақырыбында келіссөзге дайын тұрғандарын білдірді.

Александр Михеев Түркия  F-35  бағдарламасынан шықса, Мәскеудің Түркияны ұшақпен қамдауға дайын болған-болмағанына байланысты сұраққа орай орыс баспасөзіне жасаған мәлімдемесінде:

"Түрік тарапы келіссөз мақсатымен бізге келсе, мүмкіндіктерімізге негізделе отырып, Орыс Бірлескен ұшақ компаниясымен ортақ келіссөз жасауға дайынбыз" деп көрсетті.

Түркияға  S-400 әуе қорғаныс зымыран жүйелерін тапсырып беруге байланысты мәлімет берген Михеев жолдау жұмыстарының шілде айында басталатынын айтты.

Михеев Ресей мен Түркияның S-400 әуе қорғаныс зымыран жүйелерін өндіру және орналастыруға байланысты тақырыптарда шешімге келгендерін білдіріп, келіссөздің орындалуы үшін жұмыстардың жалғасып жатқанын атап көрсетті. 

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия  F-35  бағдарламасынан шықса, Ресейден ұшақ ала ма? деген сұраққа жауабында:

"Менің қалауым, Түркия бағдарламадан шығады" деуге болмайды.  Халықаралық заңдар бар. Құқығымызды қорғаймыз. Ең нашарын айтайық. Біз жаңа ұшақтарға мұқтажбыз. F-35 ұшағы болмаса, мен қажетімді басқа жерден қамдаймын. Өзім өндіргенге дейін. Өз ұшағымызды өндіру үшін еңбектеніп жатырмыз" деді.  

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар