ЕП 10 мың адамдық шекара қорғау күшін қалыптастырды

Еуропа Парламенті 2027 жылға дейін 10 мың адамдық шекара қорғау күшін ұйымдастыруды мақұлдады.

1185812
ЕП 10 мың адамдық шекара қорғау күшін қалыптастырды

Еуропа Парламенті Еуропа Шекара және жағажай қауіпсіздік агенттігін (Frontex)  күшейту мақсатымен 2027 жылға дейін 10 мың адамдық шекара қорғау күшін ұйымдастыруды мақұлдады.

Францияның Стразбург қаласында ұйымдастырылған Еуропа Парламенті Жалпы Кеңесінде 2027 жылға дейін 10 мың адамдық шекара қорғау күшін құруды көздеген құжат 162 "қарсы" дауысқа қарсы 403 "қабыл" дауысымен мақұлданды.

Еуропа Одағының сыртқы шекараларын қорғауды мақсат еткен жаңа тәртіпке сай,  шекара қорғау күші мүше елдерге көмекші болады, шекара сыртындағы қылмыстармен күреседі және босқындарды қайтару процестеріне қолдау көрсетеді.

Құжатқа негізделгенде алғашқы сатыда 2021 жылға дейін 5 мың адамдық бір күш ұйымдастырылады. Бұл сан 2027 жылға келгенде 10 мыңға көбейтіледі.

Сонымен бірге Еуропа Одағына мүше емес елдермен ынтымақтастық күшейтіледі.

Құжаттың атқарылуы үшін Еуропа Одағы Кеңесінің мақұлдауы керек. 



Ұқсас жаңалықтар