Коалиция күштері ИПГ/ПКК-ға жұмыс көліктерін жолдады

ИПГ/ПКК 2014 жылдан бері АҚШ қолдауында Сирияның үштен бір бөлігін жаулап жатыр.

1180929
Коалиция күштері ИПГ/ПКК-ға жұмыс көліктерін жолдады

Сирияда Америка Құрама Штаттары басшылығындағы ДАИШ-қа қарсы халықаралық коалиция күштері Дейризор уәлаятында бөлшектеуші террористтік ұйымдар ИПГ/ПКК ұйымына соғысатын мекен, шеп және туннель салуда да қолданылатын жұмыс көліктерін жолдады.

Жергілікті хабар көздерінің білдіруіне қарағанда, ДАИШ-қа қарсы халықаралық коалиция күштері  бөлшектеуші террористтік ұйымдар ИПГ/ПКК ұйымының Дейризор уәлаятында құрған ауыз жүзіндегі жергілікті мәжілісіне берген қолдаулары аясында сан-салада қолданылатын жұмыс машиналарын тапсырып берген.

ИПГ/ПКК террор ұйымына келіп жеткен жұмыс көліктерінің жаулап алған аймақтарда соғысатын мекен, шеп және туннель салуда қолданылатыны білдірілді.

Хабар көздері ДАИШ-қа қарсы халықаралық коалиция күштері  бөлшектеуші террористтік ұйымдар ИПГ/ПКК жаулап алған аймақта құрған ауыз жүзіндегі жергілікті мәжілісіне бұрын да көптеген жұмыс машиналарын бергенін хабарлады. 

 Америка Құрама Штаттары соңғы рет 2 сәуірде Ирактан Сирияға бөлшектеуші террористтік ұйымдар ИПГ/ПКК жаулап алған аймаққа жабық сандықтар, танкерлер, жабдықталған автомобильдер және жұмыс машиналарын тасымалдаған 100 жүк көлігін жолдаған болатын.

Бөлшектеуші террористтік ұйымдар ИПГ/ПКК 2014 жылдан бері Америка Құрама Штаттарының қолдауы арқылы Сирияның үштен бір бөлігін жаулап жатыр. 



Ұқсас жаңалықтар