«Егер Грекия сатып алса, Түркия да S-400 жүйесін сатып алуға құқылы»

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) институты төрағасы Владимир Евсеев мәлімдеме жасады.

1180612
«Егер Грекия сатып алса, Түркия да S-400 жүйесін сатып алуға құқылы»

Орталығы Ресейдегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) институты төрағасы Владимир Евсеев S-400 әуе қорғаныс жүйесінің Американ патриот (Patriot) жүйелерінен мықты екенін алға тартып, «Егер Грекия сатып алса, Түркия да S-400 жүйесін сатып алуға құқылы» деді.

Ресейдің бас қаласы Мәскеуде ұйымдастырылған «Түрік-орыс ынтымақтастығы және Аймақтық қауіпсіздік: Ердоғанның Мәскеу сапары» атты дөңгелек үстел жиналысында президент Режеп Тайып Ердоғанның Мәскеу сапары қолға алынды.

ТМД институты төрағасы Евсеев S-400 әуе қорғаныс жүйелері АҚШ-тың патриот зымырандарынан мықты екенін атап, «S-400 әуе қорғаныс жүйелері нысананы анықтау және радио-электроникалық ортада жұмыс істеу тақырыбында патриоттардан үстем» деді.

НАТО-ға мүше Грекияның Ресейден S-300 сатып алғанын еске салған Евсеев «Егер Грекия сатып алатын болса, Түркия неге алмасқа? Түркия да S-400 жүйесін сатып алу құқығына ие. Түркия қару сатып алу тақырыбында АҚШ-тан тәуелсіз болғысы келеді» деді.

Владимир Евсеев Түркияның қорғаныс саласында келешекке бағытталған қадамдар басқанын атап, «Түркия сауытты көлік пен зымыран жүйесі өндіруге тырысады. Ресей мен Түркия әскери қорғаныс тұғырында ортақ өндіріс жетілдіре алады» деді.



Ұқсас жаңалықтар