Ливиядағы Ұлттық келіссөз үкіметі кейбір аймақтарды бақылауға алды

Ливиядағы Ұлттық келіссөз үкіметі бас қала Триполиде кейбір жерлерді қайтадан бақылауға алды.

1179704
Ливиядағы Ұлттық келіссөз үкіметі кейбір аймақтарды бақылауға алды

Ұлттық келіссөз үкіметі жүргізген «Буркан әл-Гадаб» (Ашу вулканы) атты операциямен байланысты әлеуметтік медиа парақшасынан мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Ұлттық келіссөз үкіметі күштерінің генерал Хафтерге қарасты күштердің Триполи және басқа қалаларға тікелей жасаған шабуылдарын тойтарғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Ұлттық келіссөз үкіметі жасақтарының Триполидің оңтүстігіндегі Йермук пен шығысындағы Эс-Севарих әскери базаларын қайтадан бақылауға алынғаны білдірілді.

Генерал Хафтер күштеріне тиесілі ұшақтар жасаған шабуылдың артынан бас қала Триполидегі Митига Халықаралық әуежайында рейстер тоқтатылды.

Митига әуежайы баспасөз жауапкері Халид Бугарсе әуежайдағы жолаушылардың қауіпсіз аймақтарға апарылып, рейстердің кейінге қалдырылғанын атап көрсетті.

Хафтер күштеріне тиесілі соғыс ұшақтары кеше бас қала Триполиде жұмыс істейтін жалғыз азаматтық әуежайы Митигаға алғаш рет әуе шабуылы жасаған болатын.

Ливия Ұлттық келіссөз үкіметі жасақтары бас қала Триполиді бақылауға алу үшін бейсенбі күні шабуыл бастаған төңкерісшіл генерал Хафтерге қарасты күштерге қарсы алдынғы күн операция жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар