Конгода Эбола вирусынан 655 кісі қайтыс болған

2018 жылы тамыз айынан бері 96 мың 136 кісіге вакцина егілген.

1179401
Конгода Эбола вирусынан  655 кісі қайтыс болған

Конго Демократиялық Республикасында өткен жылдың шілде айында басталған Эбола вирусы індеті салдарынан соңғы екі апта ішінде 91 адам қайтыс болғаны білдірілді.

Осылайша Эбола науқасынан өлген адам саны 655-ке көбейді.

Конго Демократиялық Республикасы Денсаулық министрлігінен жасалған мәлімдемеде Солтүстік Киву уәлаятында басталып, Итури уәлаятына дейін жайылған індетте мың 146 қанды қызу науқасы байқалған. Бұл адамдардан мың 80 кісінің Эбола вирусын жұқтырғаны анықталған. 

Эбола вирусын жұқтырған адамдардан 2018 жылдың шілде айынан бері жалпы 655 кісі қайтыс болған. 80 кісі емделіп жатқан. Вирусты жұқтырған 345 кісі толық жазылған. 

Сонымен бірге, сандық мәліметтерге қарағанда,  66 адам қанды қызу ауруынан қатыс болған.

2018 жылы тамыз айынан бері 96 мың 136 кісіге вакцина қойылған.

Эбола вирусы 2013 жылы желтоқсан айында Батыс Африкаға таралған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар