БҰҰ Бас хатшысынан шақыру

Гутерреш Ливияда дағдарысқа әскери шешім табылмайтынын атап көрсетті.

1179528
БҰҰ Бас хатшысынан шақыру

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гетерреш Ливияда Триполи және төңірегінде артқан қақтығыс және Митига әуежайына бағытталған шабуылды айыптап,  әскери операциялардың дереу тоқтатылуына шақырды.

БҰҰ Бас хатшылығының хабарламасына қарағанда Гутерреш Ливияда дағдарысқа әскери шешім табылмайтынын атап көрсетті.

Гутерреш айырықша барлық тараптарға құқық пен адам құқықтары шеңберінде азаматтардың қауіпсіздігінің қамдалуы жауапкершілігін еске салды.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Джужарик те қақтығыстарда қолданылған ауыр қарулардың елді мекендерге зиян келтіргенін, көптеген бейбіт халықтың аймақтан кете алмағанына назар аударды. Ол азаматтардың және жаралылардың эвакуациясы үшін жедел гуманитарлық бітімге шақырған болатын.

Ливияның шығысындағы әскери күштердің басшысы Генерал Халифа Хафтердің 4 сәуір күні Триполиде басып алу үшін бастатқан шабуылынан кейін Ұлттық келісім үкіметімен арада қатты шайқастар басталып кетті.



Ұқсас жаңалықтар