Сауд Арабиясы мен Ұлыбритания ортақ жаттығу бастады

Сауд Арабиясы мен Ұлыбритания «Ортақ шөл сарбаздары 3» атты әскери жаттығу бастады.

1175534
Сауд Арабиясы мен Ұлыбритания ортақ жаттығу бастады

Сауд Арабиясы және Ұлыбритания армиялары ортақ әскери құрлық жаттығуы бастады.

Сауд Арабиясы ресми агенттігі «SPA» екі елдің құрлық күштері қатысқан «Ортақ шөл сарбаздары 3» атты әскери жаттығуының басталғанын жариялады.

Екі ел арасында әскери ынтымақтастықты күшейту, жасақтардың соғыс қабілетін арттыру және операция жоспарлау салаларында тәжірибе арттыру мақсатты ұйымдастырылған жаттығудың алдынғы жаттығулардың жалғасы іспеттес екені атап көрсетілді.

Ұлыбритания мен Сауд Арабиясы соңғы рет 2018 жылдың 25 қараша мен 6 желтоқсан күндері арасында «Жасыл Байрақ» атты ортақ жаттығу жоспарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар