Трамп Джон Раймондты Ғарыш Күштері қолбасшысы міндетіне үміткерлікке көрсетті

Трамп АҚШ Әуе Күштері Ғарыш Қолбасшысы генерал Джон Раймондты жаңадан құрылған Ғарыш Күштері қолбасшысы міндетіне үміткерлікке көрсетті.

1171970
Трамп Джон Раймондты Ғарыш Күштері қолбасшысы міндетіне үміткерлікке көрсетті

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп АҚШ Әуе Күштері Ғарыш Қолбасшысы генерал Джон Раймондты жаңадан құрылған Ғарыш Күштері қолбасшысы міндетіне үміткерлікке көрсетті. 

Трамп желтоқсан айында соғыс қолбасшылығы ретінде құрылуына байланысты бұйрық жариялаған Ғарыш Күштері қолбасшылығы үшін  белгілеген қолбасшы үміткерін Сенатқа жеткізді.

Тақырыпқа байланысты Пентагоннан жасалған мәлімдемеде,

"Мақұлдау алса, Раймонд жақында құрылатын және ғарыштағы ортақ операциялар мен жахандық күштердің соғысқа дайындығын бекемдейтін АҚШ Ғарыш Күштері қолбасшылығын басқарады" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар