Майк Помпео ұйғыр өкілдерін қабылдады

Қытай Ұйғыр автономиялық аймағындағы ұйғыр, қазақ және басқа мұсылмандарға зұлмат жасауда.

1172247
Майк Помпео ұйғыр өкілдерін қабылдады

Майк Помпео ұйғыр өкілдері Гүлчехре Хожа, Фикрат Жевдет және Арафат Еркінмен кездесті.

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Шынжаң Ұйғыр автономиялық аймағындағы лагерьден құтқарылған Михригүл Тұрсын және туыс-туғандары лагерде жатқан ұйғыр азаматтық ұйымы өкілдерімен кездесті.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Роберт Палладино жазбаша мәлімдемесінде Помпеоның сейсенбі күні Шынжаң ұйғыр автономиялық аймағындағы лагерьден құтқарылған Михригүл Тұрсын және туыс-туғандары Қытайдың лагерьлерінде жатқан ұйғыр мұсылмандары Гүлчехре Хожа, Фикрат Жевдет және Арафат Еркінмен кездесу өткізгенін білдірді.

Қытайдың бір миллионнан астам ұйғыр, қазақ және басқа мұсылмандарды лагерьде заңсыз түрде жатқызғанына назар аударған Палладино «Мемлекеттік хатшы Помпео Қытайдың адам құқықтарына қайшы әрекеттеріне қарсы үндерін жеткізгендеріне орай олардың ынталарына риза болды. Қытайдың Ислам және басқа діндерге қарсы жүргізген қысым кампаниясының аяқталуы үшін АҚШ-тың қолдау жасайтыны туралы уәде берді» деген сөздерге орын берді.

Палладино ұйғыр өкілдерінің түсіндіргендерінің Қытай лагерьлерінде болған зұлматтың тек бірнеше ғана дәлелі екенін меңзеп, «Олар Шынжаң ұйғыр автономиялық аймағында өз атынан сөйлей алмаған, еркін әрекет ете алмаған, өз ойларын айта алмаған және діндерінің ең негізі ғибадатын орындай алмаған бір миллион немесе тіпті көп адам атынан сөйлеуде» деді.

Палладино АҚШ Сыртқы істер министрлігінің Қытайға байланысты 2018 жылғы Адам құқықтары рапортында ұйғырлардың жәбір, қысым және зардаптарға душар болғанын егжей-тегжейлі жазғанын баяндады.  Палладино Қытай үкіметінің мұсылманның үйлеріне қасақана қалу, оларға арақ ішкізу және шошқа етін жегізумен қатар жыныстық жәбір сынды көптеген қылмыс істегендеріне назар аударды.

Палладино «Қытай үкіметіне лагерьде қамалған адамдардың дереу қоя берілуі жөнінде үндеу тастаймыз» деген мәлімдеме жасады.



Ұқсас жаңалықтар