Иран АҚШ президентінің Голан төбелері қаулысына наразылық көрсетті

Иран елбасы Хасан Рухани қаулының халықаралық заңдарға қарама-қайшы екенін атап көрсетті.

1171085
Иран АҚШ президентінің Голан төбелері қаулысына наразылық көрсетті

Иран елбасы Хасан Рухани АҚШ президенті Дональд Трамптың Голан төбелері үстінде Израильдің егемендігін тану бастамасының халықаралық заңдарды таптағанын атап көрсетті.

Рухани бас қала Тегеранда кейбір министрлер мен жоғары деңгейлі мемлекеттік қызметкерлерді қабылдауында АҚШ президенті Дональд Трамптың Голан төбелерімен байланысты бір жақты шешімдерін сынға алды.

Трамп басқан қадамдармен халықаралық құқықты таптағанын білдірген Рухани «Ешкім АҚШ-та біреудің шығып, бір елдің жерін жеке шешімімен халықаралық құқыққа қарама-қайшы түрде басқыншы бір елге сыйға тартатынын қиялдай алмайтын. АҚШ-тың Голан төбелерін басқыншыл сионисттерге сыйға тартуы отарлаушылық болып табылады. Отарлаушылық билеген кезеңдерде кейбір отаршыл күштер осындай шешімдер қабылдап, бір елдің жерін екінші бір елге беретін болған. Алайда үстіміздегі ғасырда осының үлгісі жоқ» деді.

АҚШ президенті Трамп Голан төбелері үстінде Израильдің егемендігін таныған президенттік қаулыға кеше қол қойған болатын. БҰҰ, Еуроодақ, Түркия, Ұлыбритания, Ресей және көптеген ел мен халықаралық мекеме АҚШ әкімшілігінің бір жақты шешімін танымағанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар